Жаңалықтар

23 шілде 2007
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары басталды.
big-01Eg.jpg

 

Сапар барысында Елбасы Астана-Шучье көлік жолын қалпына келтіру барысымен танысты. Аталған көлік магистралін қалпына келтіру жобасын іске асыру туралы Мемлекет басшысына Көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметов баяндап берді.

Президент сондай-ақ неміс технологиясы бойынша цемент-бетон жол төсемін төсеу әдісімен танысты. Мұндай бетон төсемдерін Германияның «Гюнтер Папенбург» компаниясы «Астана-Шортанды» және «Макин-Шучье» жол телімдерін жөндеуде қолданатын болады.

«Астана-Шучье» бағытындағы көлік жолының жалпы ұзындығы 224 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстары 2009 жылы аяқталады деп күтілуде. Жобада көлік жолының өлшемдерін алты жолақты қозғалыс бағытында халықаралық стандарттарға жауап беретін «І А» техникалық санатына дейін жеткізу көзделген. Жобаның құны 102 миллиард теңгені құрайды. Көлік жолын қалпына келтіру жұмыстарына «К-Жолқұрылыс» АҚ, «Тодини Централ-Азия» ЖШС, «Дена КЗ» ЖШС, «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС және «ҚазақЖолқұрылыс» ЖШС компаниялары жұмылдырылған.


Мемлекет басшысы сондай-ақ Ақмола облысының Шортанды кентінде орналасқан «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында болды. Мұнда Президент ауыл шаруашылығындағы инновациялық әзірлемелерді өндіріске енгізу жүйесімен танысты. Агроөнеркәсіптік кешенге инновацияларды тиімді енгізу жобасы әртүрлі ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми ұйымдар мен тәжірибе шаруашылықтарын екі жетекші ғылыми инновациялық институтқа біріктіруді көздейді. Олар мамандандырылған ғылыми агроқалашықтар түрінде ұйымдастырылады. Бұл жобаны «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын болады.


«Еңбек» ЖШС-нің егіс алқаптарын аралау кезінде «Агро Союз Астана» бірлескен кәсіпорнының өкілдері Мемлекет басшысына инновациялық топырақ жинау агротехнологияларын, сондай-ақ «No Till» топырақ өңдеу технологияларын таныстырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар