Жаңалықтар

16 қараша 2010
Бүгін Мемлекет Басшысы жұмыс сапары аясында Алматыда бірқатар нысандарда болды.
02

Елбасы әуелі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне келіп, 450 орындық, 9 қабатты «Студенттер үйін» аралап көрді. Заманауи талаптарға сай жабдықталған еңселі ғимаратта интернет бөлмелері және кинозалы орналасқан.

«Студенттер үйі» алаңында Президенттік және мемлекеттік степендия иелерімен кездескен Мемлекет басшысы 65 жыл ішінде 50 мыңға тарта маман даярлаған оқу орнына 2008 жылы университет мәртебесін бергенін атап өтті. Өз сөзінде «Бір болашақ ананы тәрбиелеу – бір ұлтты тәрбиелеумен тең» деген Елбасы оқу орнына микроавтобус сыйға тартты.

Содан кейін әйгілі «Медеу» мұз айдынына келген Мемлекет басшысы мұнда Қысқы Азия ойындарына дайындық барысымен танысты. Жұмыстардың заманауи озық технологиялар арқылы сапалы түрде жүзеге асырылғанын атап көрсеткен Елбасы Астана мен Алматының алдағы Азиядаға толық әзір екенін жеткізді. Қазақстан Президенті өз сөзінде Қысқы Азия ойындарына арналып салынған соңғы үлгідегі спорттық кешендер мен нысандардың болашақта отандық туризмді дамытуға зор серпін беретінін айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар