Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

19 маусым 2007
Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан және Қырғызстан басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердымұхаммедовтың әңгімесіне жоғары деңгейдегі кездесулер кезінде қол жеткізілген қазақстан-түркіменстан уағдаластықтарының орындалу барысы арқау болды. Атап айтқанда, мемлекет басшылары екі мемлекеттің арасын жалғайтын автомобиль және темір жолдарды салу мәселелерін талқылады.


Қазақстан басшысы Құрманбек Бакиевпен болған әңгімеде екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, көрші елдің экономикасына қазақстандық инвестицияны тарту мәселелерін, сондай-ақ осы жылғы тамызда Бішкекте өткізу жоспарланып отырған Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитіне дайындық мәселелерін талқылады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар