Жаңалықтар

10 қараша 2009
Бүгін Президенттің «Ақорда» резиденциясында Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев еліміздің шығармашылық саласындағы жастар өкілдерімен кездесті. Оған беделді республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары – жас таланттар қатысты.

Жиналған жастар алдында сөз сөйлеген Қанат Саудабаев: «Біздің тәуелсіз мемлекетімізді құрудағы Президент Нұрсұлтан Назарбаев стратегиясының ерекшелігі ол азаттықтың алғашқы күнінен бастап елдегі экономикалық күрделі жағдайға қарамастан рухани даму бағытына баса назар аударды. Соның нәтижесінде бүгінгі күні біздің мәдениетіміз, әдебиетіміз бен өнеріміз сіздер секілді лайықты таланттардың арқасында қарыштап дамып келеді. Шығармашылық жастарын барынша қолдау алда да мемлекетіміздің басым бағыты болып қала береді» деп атап өтті. 

Бүгінгі мәдениетіміз бен өнеріміздің жағдайы мен болашағы туралы әнші, композитор Біржан Хасанғалиев, суретші Анна Петракова, музыкант Әміржан Бисенғалиев, әуе гимнасы Дәулет Досбатыров және ақын-аудармашы Алмас Темірбаевтар пікірлерін білдірді. Сөйлеушілер рухани салаға баса назар аударып, өнер саласындағы, әсіресе жастарға ұдайы қамқорлық жасап келе жатқаны үшін мемлекет Басшысына жүрекжарды алғыстарын айтты. 

Жас қазақстандық шығармашылық жастарды дайындаудағы қол жеткізілген табыстарды және оларды жұртшылыққа таныту тұрғысындағы жұмыстарды саралай келе Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі: «Сіздер шығармашыл жастардың көрнекті өкілдерісіздер және сіздерге қарап құрдастарың бой түзейтін болады. Сіздер жастарды отансүйгіштік қасиетке, мәдениетке, тілге, халқымыздың салт-дәстүріне, біздің жалпыұлттық көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиясына деген адалдық пен құштарлыққа тәрбиелеуде жастар еліктейтін тұлға болуларыңыз қажет» деді. 

Кездесу қорытындысында Қанат Саудабаев Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым министрліктеріне, басқа да осы салаға жауап беретін мемлекеттік органдарға мемлекет Басшысының еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытудағы алға қойған міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. 

ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың сөйлеген сөзінің мәтінін  мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар