Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 наурыз 2012
Бүгін Сеулде Ядролық қауіпсіздік жөніндегі екінші саммит аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің және АҚШ Президенті Барак Обаманың үшжақты кездесулері болып өтті.

 

Трехсторонняя встреча

Кездесудің қорытындысы бойынша үш мемлекеттің басшылары бұрынғы Семей сынақ полигонына қатысты үшжақты ынтымақтастық жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Мәлімдемеде Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Америка Құрама Штаттары Президенттері ядролық қаруды тарату қауіп-қатеріне және  ядролық лаңкестікке қарсы күрес жолын ұстанатыны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев Семей сынақ полигоны әлемдегі ірі полигондардың бірі болғанын атап өтті.

- Менің Жарлығыммен бұдан 20 жыл бұрын біз Семей сынақ полигонын жаптық. Бірнеше жылдан бері Қазақстан, Ресей және АҚШ сынақтардың салдарларын жою жөнінде бірлескен жұмыстарды жүргізіп келеді. Біз бұл көмектері үшін серіктестерімізге ризашылығымызды білдіреміз, - деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Ресей Президенті Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевқа ядролық қарусыздану ісіндегі белсенді позициясы мен көмегі үшін алғысын айтты. АҚШ Президенті Барак Обама таратпау саласындағы табыстарға Нұрсұлтан Назарбаевтың және барша Қазақстан халқының орасан үлесі арқасында қол жеткізілгенін атап көрсетті.

Бірлескен мәлімдеме мәтінін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар