Жаңалықтар

23 қазан 2007
Бүгін Шымкентте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға қысқа мерзімдік сапармен келген Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянмен кездесті.
big-ОАЭ.jpg

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшылары екіжақты достық қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады, әсіресе Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша назар аударды.


Біздің елдеріміз арасындағы экономикалық өзара ықпалдастық айрықша өрлеу кезеңінде, оған Әмірліктердің инвесторлары қаржыландырып отырған Ақтау-Сити құрылысының ауқымды жобасы дәлел.


Сондай-ақ, тағы бір мысал Астанадағы 88 қабатты «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылыс жобасы. Нұрсұлтан Назарбаев Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянды осынау ірі жобаның 31-қазанда өтетін ресми таныстырылымына қатысуға шақырды.


Кездесу барысында Мемлекет басшылары Біріккен Араб Әмірліктерінің инвестициялары есебінен Қазақстанда мұнай-химия кешенінің құрылысын салуға уағдаласты. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің өтініші бойынша әмірліктер жағы Шымкентте құны 20 млн. доллардың перинатальды орталығын салатын болды. Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті сондай-ақ Шымкентте мешіт салу туралы шешімін мәлім етті.


Осы және басқа да мәселелерді егжей-тегжейлі талқылау үшін Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян Нұрсұлтан Назарбаевты Біріккен Араб Әмірліктеріне шақырды. Шақыру ықыласпен қабыл алынды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар