Жаңалықтар

12 тамыз 2009
Бурабайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық бюджет мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңесте 2010-2012 жылдарға арналған бюджеттің негізгі өлшемдері талқыланды.
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов 2010 жылға арналған бюджеттің көрсеткіштерін ұсынды, жобада Мемлекет басшысының азаматтарды әлеуметтік қорғау, «Жол картасын» жүзеге асыру, дағдарысқа қарсы шаралар және перспективалы инфрақұрылымдық жобалар бойынша тапсырмалары ескерілген.

Премьер-Министр сондай-ақ Үкіметтің ағымдағы қызметі туралы есеп берді.

- 2010 жылдың бюджетін қалыптастыру оңай болған жоқ, әлемдік қаржы дағдарысы жалғасуда. Біз әлемдік қаржы дағдарысындағы жағдайдың түбегейлі жақсаруын көріп отырған жоқпыз. Негізгі тауарларға бағаның секіртпелі өсуі және төмендеуі жалғасуда. Сондықтан қаржыны қатаң түрде үнемдеу өте маңызды болып қала бермек. Біз бюджетті Ұлттық қордың, алтын-валюта резервтерінің сақталуы тұрғысынан егжей-тегжейлі қарастырамыз. Осыған байланысты мемлекеттің барлық шығындарына түзету енгізуге тиіспіз. Біз тиімділік беретін қажет нәрселерге ғана қаржы салуымыз қажет. Ал басқа қалған мәселелерді, турасын айтқанда, жақсы кездерге дейін кейінге қалдыруға тиіспіз. Бірінші жартыжылдықта жағдай өзгеруі мүмкін және бірінші жартыжылдықтан кейін де бюджетті қайта қарап, қандай да бір бағдарламаларды қоса аламы, - деді Нұрсұлтан Назарбаев


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар