Жаңалықтар

27 қараша 2017
Елбасы Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады

Кездесуде Қазақстан Президентінің келесі жылдың басында Америка Құрама Штаттарына жасалатын сапарына қатысты жүргізіліп жатқан дайындық барысы жөнінде Мемлекет басшысына баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сапардың маңыздылығына тоқталып, оның аясында жоғары деңгейде бірқатар маңызды кездесулер өтіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу жоспарланып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар