Жаңалықтар

11 тамыз 2009
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола резиденциясында Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбектовты қабылдады.

Ә.Жақсыбеков президентке Қарулы Күштердің жай-күйі және оны дамыту жоспарлары, әскери қалашықтардың қысқы маусымға даярлығы және Конституция күніне арналған алғашқы әскери шеруді өткізуге әзірліктің барысы туралы баяндады.

Шеруге Қарулы Күштердің екі мыңнан астам әскери қызметшілері, жүзге тарта әскери техника мен авиация қатысады.

Мемлекет басшысы қорғаныс министріне ҰҚШҰ ауқымында құрылған "Ықпалдастық-2009" Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерінің ірі ауқымдағы жаттығуларын өткізуге жан-жақты әзірленуге айрықша көңіл бөлуді тапсырды.

"Жедел әрекет етуші ұжымдық күштердің "Ықпалдастық-2009" әскери оқу-жаттығулары алғаш рет қазан айында Қазақстан аумағында өтеді. Оның барысын ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің басшылары бақылайды", - деді Ә.Жақсыбеков.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар