Жаңалықтар

26 наурыз 2009
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады.

Кәрім Мәсімов Мемлекет бас­шы­сының Қазақстан халқына Жол­дауында айтылған тапсырмаларды орындау жөніндегі Үкіметтің, ұлт­тық холдингтер мен әкімдіктердің жұмысы туралы есеп берді.


Кездесу барысында Президент Үкіметтің 2009-2011 жылдарға ар­нал­ған дағдарысқа қарсы бағ­дар­ла­ма­сының әрбір бағыты бойынша – қаржы секторына, құрылыс сала­сына, шағын және орта бизнеске, агроөнеркәсіп кешеніне қолдау біл­діру, сондай-ақ инновациялық-ин­дустриялық даму бойынша қызы­ғушылық танытты.


– Біз үшін барлық жоспар­лар­ды қайта қарау және Қазақстанға дағдарыстан кейінгі кезеңде керек­ті­лерін таңдап алатын кезең бас­тал­ды, – деп атап көрсетті Н.Назар­баев.


Әңгіме барысында Премьер-Ми­нистр сондай-ақ бөлінген ресурстар­дың ақырғы тұтынушыға қалай жетіп жатқаны туралы және тұқым себу науқанының барысы туралы баян етті.


– Мемлекет басшысы эконо­ми­каны әртараптандыру, индус­трия­лық секторды дамыту үдерісін жалғастыру жөнінде нақты тап­сырмалар берді. Осыған байланыс­ты Президент нұсқауларын орын­дау бойынша Индустрия және сауда министрлігінің рөлін күшейту міндеті қойылып отыр, – деді К.Мәсімов.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар