Жаңалықтар

22 қаңтар 2018
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жексенбек Еркімбековтің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті көрнекті мемлекет қайраткері Жексенбек Еркімбековтің туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтты.

«Жексенбек Еркімбеков белгілі музыкант және мәдениет пен өнер саласының талантты ұйымдастырушысы еді. Ол он жылдан астам еліміздің Мәдениет министрлігін басқарып, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің дамуына зор үлес қосты», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Жексенбек Еркімбековтің еңбегі мен жарқын бейнесі қазақстандықтардың жүрегінде әрдайым сақталатынына сенім білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар