Жаңалықтар

28 қыркүйек 2018
Елбасы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
Шымкент қаласы

Мемлекет басшысы Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты.

Кәсіпорын К-4 және К-5 экологиялық стандарттарына сай мұнай өнімдерін өндіруге маманданған. Зауыт жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде мұнай өңдеу көлемін жылына 6 миллион тоннаға дейін көбейтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы жөнінде мәлімет беріліп, Қазақстанның мұнай нарығындағы қазіргі жағдай туралы баяндалды.

Баяндаманы тыңдаған соң Қазақстан Президенті экологиялық тұрғыдан таза жанармай түрлерін пайдаланудың және оның тұрғындар үшін қол жетімді болуын қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.

– Біз газбен жүретін автобустар шығарып жатырмыз. Солардың өндіріс көлемін ұлғайту қажет. Бұл ұлттық экономиканы ынталандырып, экологияға  келетін зиянды азайтады. Сонымен қатар, көлікті газбен жүруге көшіру оның иелері үшін де тиімді, – деді Мемлекет басшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу