Жаңалықтар

1 шілде 2010
III Астана экономикалық форумының аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.

Президент Н.Ә.Назарбаев Еуропалық инвестициялық банктің президенті Филипп Майштадтты қабылдады. Кездесу кезінде екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды.

- Президентпен Брюссельдегі біздің кездесуіміздің барысында мен Еуропалық инвестициялық банк Қазақстанға келіп, капитал салу үшін жобаларды іздестіре бастауы қажеттігі туралы ұсынысымды айтқан едім. Бүгін біз мұндай жобалардың нақты тізбесін талқыладық, - деді Ф.Майштадт.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму жөніндегі бас директоры Кандех Юмкелламен кездесті. Әңгімелесу барысында екі жақты өзара іс-қимылдар мәселесі талқыланды.

- Сіздің елдің экономикалық дамуының нәтижелерін көру - өте таңдандырады. Бұл экономикалық форумды Қазақстанның ұйымдастыруы өте маңызды. Сіздің республиканы табысты экономикалық үлгідегі мемлекет ретінде мысалға келтіруге болады, - деді К.Юмкелла.

Президент сондай-ақ экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Манделламен және Финн Кидландпен кездесті. Кездесу барысында әңгімелесушілер әлемдік және қазақстандық экономикадағы істің жай-күйін талқылады.

- Мен Қазақстан жаһандық дағдарысқа дер кезінде тосқауыл қоя алды деп есептеймін. Қазақстан қабылдаған шаралар сенімнен шықты, - деді Р.Манделла.

- Әлемнің көптеген өзге елдеріне қарағанда, Қазақстандағы жағдай едәуір жақсы. Мен сіздердің дағдарысқа қарсы бағдарламаларыңыздың маңызды нәтижесінің бірі – бұл банктік жүйені қазіргі заманғы оңалту деп санаймын. Ол барлық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етті, - деп атап өтті Ф.Кидланд.    


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар