Жаңалықтар

17 қазан 2018
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Карл Маннергейм бейіті мен «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты
Финляндия Республикасы, Хельсинки қаласы

Мемлекет басшысы Финляндия Республикасына ресми сапарының соңында «Хиетаниеми» мемориалды кешеніндегі Карл Маннергейм бейітіне және фин солдаттарының бауырластар зиратына орнатылған «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қойып, фин халқының қаза тапқан перзенттерінің рухына тағзым етті.

Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері де қатысты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар