Жаңалықтар

14 сәуір 2017
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Молдова Республикасының Президенті Игорь Додонмен кездесті
Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Молдова Президенті И.Додонмен кездесті.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу кезінде Қазақстан мен Молдова арасындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.

Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы бар бағыттары ретінде атап өтілді.

Кездесуге Молдова жағы бастамашы болды.   


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар