Жаңалықтар

19 қаңтар 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен кездесті
Америка Құрама Штаттары, Нью-Йорк қаласы

Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында А.Дуданы Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтады.

– Бүгінгі кездесу қарым-қатынастарымызды талқылау үшін бізге зор мүмкіндік береді. Польшаның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2018-2019 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысындағы ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті.

– Біздің ой-пікіріміз бен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыс бағытымыздың ұқсас екеніне қуаныштымын. Менің Варшаваға сапарым және Сіздің өткен жылғы Астанаға сапарыңыз әлі есімде. Мұндай кездесулер бізді әрі елдерімізді жақындата түседі, – деді Қазақстан Президенті.

А.Дуда кездескеніне және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігі болғанына ризашылық білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар