Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 шілде 2012
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мемлекет басшыларынан, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, Қазақстанның, Достастық елдерінің, алыс шетелдердің ұйымдары мен азаматтарынан Астана күніне және Қазақстан Президентінің туған күніне орай тілек айтқан көптеген құттықтаулар келіп түсуде.

Құттықтауларда Мемлекет басшысының жаңа, тәуелсіз Қазақстанды құруға, елдің экономикасын нығайтып, халықаралық беделін арттыруға қосқан зор үлесі атап көрсетіледі.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өз құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық  процестердің архитекторы болып саналатынын, бұған зор еңбегі сіңгенін атап өтеді. «Біздің арамызда қалыптасқан жеке ізгі қарым-қатынасымызды, Ресей мен Қазақстанның жан-жақты байланыстарын дәйектілікпен кеңейтуге тұрақты ықылас танытатыныңызды жоғары бағалаймын» деп жазады В.Путин.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның құттықтауында Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының табысты дамуын Қазақстан Президентінің жеке ықыласы мен зор ынта-жігерінен бөліп қарауға болмайтыны, мұны қытай жағы өте жоғары бағалайтыны айылады. КХР Төрағасы екі ел басшыларының жан-жақты стратегиялық серіктестікке арналған Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге әзір екенін атап көрсетеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебізімен жолдаған құттықтауында Қазақстан Республикасының қазіргі жетістіктерін жоғары бағалап, біздің мемлекетіміз басшысының жан-жақты қызметінде табысқа жете беруіне тілектестік білдіреді.

Түркия Президенті Абдуллаһ Гүл: «Сіздің көреген жетекшілігіңізбен Қазақстанның үлкен жетістіктерге жетуі және елдің халықаралық қауымдастықтағы беделінің артуы – біз үшін үлкен қуаныш. Қазақстанның жетістіктерін өз жетістіктеріміздей қабылдап, мақтан тұтамыз», – деп атап көрсетеді. Абдуллаһ Гүл Түркия мен Қазақстан арасындағы достық пен қарым-қатынастардың жалғасын табатынына күмәнданбайды.

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың құттықтауында Н.Назарбаевтың Қазақстанды өркендету жолындағы жан-жақты қызметі, қажымас еңбегі аса жоғары бағалауға лайық екені атап көрсетіледі: «Қол жеткізген уағдаластықты жүзеге асыру екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікті ілгерілете түсуге, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық процестерді дамытуға ықпал ететініне сенімдімін».

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев: «Бауырлас Қазақстанның табыстары, тәуелсіздігінің нығаюы, оның халықаралық аренадағы беделінің артуы және әлеуметтік-экономикалық жетістіктері – Сіздің мақсатты түрде және көрегендікпен жүргізген саясатыңыздың жемісі», – деп атап көрсетеді.

Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімов құттықтады. «Сіздің сара басшылығыңызбен жүзеге асып келе жатқан түбегейлі өзгеріс пен  жаңғыртудың дәйекті саясаты,  ел экономикасын тұрақты және орнықты дамытуды қамтамасыз ететін қолайлы жүйе бүкіл әлемде мойындалды, – деп атап көрсетеді И.Кәрімов. – Бауырлас халықтарымыз арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілікке, өзара түсіністікке арқа сүйейтін Өзбекстан қашанда Қазақстанның сенімді әрі орнықты тірегі бола білді және солай болып қала береді».

Украина Президенті Виктор Янукович Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина мен Қазақстанның ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайды. «Қол жеткізген уағдаластықты іске асыруға бірлесе күш салуымыз  біздің мемлекеттеріміз халқының игілігі жолындағы бұдан да қомақты тәжірибелік нәтижелерге бастайтынына сенімдімін» деп атап көрсетеді В.Янукович өз құттықтауында.

Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың құттықтауында Қырғызстан халқы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғыз-Қазақстан бауырластық қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалайтыны айтылады.

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Қазақстан көшбасшысының екі мемлекеттің сан ғасырлық достығы мен өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі жеке үлесін атап көрсетеді.

Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай, мықты денсаулық, өмірлік күш-қуат, бақыт және мемлекеттік жоғары билікте бауырлас Қазақстан халқын ілгерілетіп, өркендету жолындағы еңбегіне табыс тілейді.

Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян Нұрсұлтан Назарбаевқа амандық пен бақыт тілейді. Ал достас Қазақстан халқының бейбітшілікке бөленіп, өркендей түсуіне тілек білдіреді. «Сіздің мемлекеттік және саяси қызметтегі бай тәжірибеңіздің, мемлекет басшысы қызметіндегі  қажымас күш-жігеріңіздің арқасында Қазақстан бүгінде елді әлеуметтік-экономикалық ілгерілету ісінде талассыз табыстарға жетіп келеді», – деп жазады Армения Президенті.

Грузия Президенті Михаил Саакашвили шын жүректен құттықтау жолдады. «Сіздердің жетістіктеріңіздің жарқын мысалы он төрт жылдығын мерекелеп отырған Астана қаласы болып саналады. Осыған орай Сізді де құттықтаймын, – дейді М.Саакашвили. – Грузия Сіздің грузин және қазақ халықтары арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды жан-жақты дамытуға бағытталған жеке еңбегіңізді өте жоғары бағалайды».

Грузия Президенті, сонымен қатар, Н.Назарбаевқа сыйлық ретінде Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» поэмасының грузин және қазақ тілдеріндегі екі данасын жіберді.

Израиль Мемлекетінің Президенті Шимон Перес өз құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевқа бақыт, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей отырып, Израильге тағы да ресми сапармен келуін қалайтынын білдіреді.

Словакия Республикасының Президенті Иван Гашпарович Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, Словакия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың әрі қарай жемісті дами беретініне сенім білдіреді.

Қазақстан Президентіне арналған құттықтаулардың арасында дәстүр бойынша Ресей Федерациясынан жолданған хаттар мен жеделхаттар елеулі орын алып отыр.

Оның ішінде РФ Мемлекеттік Думасының Төрағасы С.Е.Нарышкиннің, Мемлекеттік Думаның ТМД істері және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы Л.З.Слуцкийдің, РЛДП фракциясының жетекшісі Владимир Жириновскийдің, Дума депутаты У.М.Умахановтың, РФ Федеральдық Жиынының Федерация Кеңесінің мүшесі В.Рушайлоның құттықтаулары бар.

Сонымен қатар, құттықтаулар Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы В.Христенкодан, ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы С.Лебедевтен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық  ассамблеясы кеңесінің Бас хатшысы А.Сергеевтен және оның орынбасары Х.Бакеновтен, ТМД Экономикалық сотының төрағасы Л.Э.Каменковадан, ЕурАзЭҚ соты төрағасының орынбасары М.Т.Әлімбековтен, РФ Сыртқы барлау қызметінің директоры Михаил Фрадковтан, Кәсіподақтардың жалпы конфедерациясының Бас хатшысы В.П.Щербаковтан, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрайымы Т.Анодинадан келіп түсті.

Ресей Олимпиялық комитетінің президенті А.Д.Жуков Н.Назарбаевтың Қазақстан спорты мен олимпиялық қозғалыстарды табысты дамытудағы ролін ерекше атап өткен. Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының  төрағасы Р.Батыршин Қазақстан Президентін телерадиокомпанияның алдағы уақытта да ТМД елдерінде және Қазақстанда болып жатқан оқиғалар мен өмір барысын шынайылықпен, кең көлемде жария ете беретініне сендіретінін айтады. ИТАР-ТАСС бас директоры В.Игнатенко ТАСС журналистерінің тату ұжымы атынан Қазақстан көшбасшысына журналист еңбегіне құрметпен қарайтыны үшін алғысын білдіреді.

Н.Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы, интеграциялық процестерді нығайтудағы ролі жөнінде Башқортостан Республикасының Президенті Р.Хамитов пен Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Б.Евкуров ыстық ықыласпен лебіздерін  білдірген.

Біздің Президентімізге Кемеров облысының губернаторы Амангелді Төлеев, Челябі облысының губернаторы М.В.Юревич, Астрахань облысының губернаторы А.А.Жилкин, Пенза облысының губернаторы В.К.Бочкарев, Саратов облысының губернаторы В.В.Радаев, Орынбор облысының губернаторы Ю.А.Берг, Калининград облысының губернаторы Н.Н.Цуканов, Омбы облысының губернаторы В.И.Назаров, сонымен қатар, Астрахань қаласының мэрі  М.Н.Столяров және Астрахань облысы Думасының төрағасы А.Б.Клыканов, П.А.Столыпин атындағы Поволжье басқару институтының директоры Д.Ф.Аяцков құттықтау жолдады.

Ресей Федерациясындағы ірі кәсіпорындар, ұйымдар және банктер басшыларынан, ресейлік бизнес-элита өкілдерінен көптеген құттықтаулар келіп түсті. Олардың қатарында «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы А.Б.Миллер, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының директоры С.В.Кириенко, «Банк ВТБ» ААҚ басқарма төрағасы А.Л.Костин, «Российские железные дороги» ААҚ президенті В.И.Якунин, «РУСАЛ» Біріккен компаниясының бас директоры О.Дерипаска, «Мечел» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы И.В.Зюзин, Ресей Жинақ Банкінің басшысы Г.О.Греф, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті С.Н.Катырин, «Интер РАО ЕЭС» басқарма төрағасы Б.Ю.Ковальчук, «КамАЗ» ААҚ бас директоры С.А.Когогин, МГК «ИТЕРА» директорлар кеңесінің төрағасы И.В.Макаров, «Руснефть» ААҚ президенті М.С.Гуцериев, Внешэкомбанк төрағасы В.А.Дмитриев бар.

«Мен ешқашан Сіздің деңгейіңіздегі адамды жолықтырған емеспін, – деп атап көрсетеді біздің Мемлекет басшысына жолдаған құттықтауында Ресей Халық әртісі Владимир Винокур. – Мен армиядағыдай – қатардағы жауынгерліктен бастап, генералға дейінгідей өмірбаяны және тегі бар адамдарды жақсы көремін. Сіздің өміріңізде де – қарапайым да ұлы адамның өмірінде де дәл осылай болды».

«Сіздің тамаша адами және кәсіби қасиеттеріңізге, өмірге құштарлығыңызға, шынайы көшбасшы және тәжірибелі басшы ретіндегі талантыңызға жан-жүрегіммен тәнтімін, – деп құттықтайды Н.Ә.Назарбаевты КСРО Халық әртісі И.Д.Кобзон. – Әрқашан бақыт пен амандық Сіздің өміріңіздің айнымас серігі болсын».

РФ еңбек сіңірген әртісі Анита Цой Н.Назарбаевқа «бейбітшілік пен игілік, табыстар, ұлы Қазақстан мен оның қонақжай халқының өсіп-өркендеуін және одан әрі дами беруін тілейтінін білдірді.

Біздің Мемлекетіміздің басшысын туған күнімен сондай-ақ ресейлік Г.С.Коваленко мен С.М.Вайншток та құттықтады.

Украинадағы Днепродзержинск қаласының басшысы С.О.Сафроновтан да игі құттықтау келіп түсті: «Днепродзержинскіліктер Сізге шынайы бақыт тілейді.  Бұл мереке Сізге Қазақстан Республикасын одан әрі дамыту жоспарларын іске асыру үшін тамаша көңіл-күй, тың күш-қуат әкелсін, жаңаша ғажайып істер мен жетістіктер жылнамасын ашсын».

Біздің Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке және ұжымдық құттықтаулар лек-легімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, қоғамдық ұйымдарынан, компаниялардан, кәсіпорындардан әлі де келіп жатыр.

Өздерінің мыңдаған ұжымдастары атынан Президентті «Казцинк» ЖШС, «ENRC» компаниялар тобы, «Теңізшевройл» ЖШС басшылары құттықтады. Оларға Солтүстік Қазақстан облысынан Киров атындағы зауыты, ПЗТМ, ЗИКСТО, «Мұнаймаш» зауыты жұмысшылары, Шымкенттен «Казакей-НК» ЖШС және «Ел қамы» ҚҚ еңбеккерлері, талдықорғандық байланыс қызметкерлері, Ақмола облысындағы Щучинск қаласының ардагер-еңбеккерлері және т.б. қосылды. Өндіріс орындарының жұмысшылары өз Президенттеріне Қазақстанның индустриалды даму саясатын жүргізгені үшін, еңбек ұжымдарын үнемі қолдап отыратыны үшін алғыс білдіреді.

Біздің Мемлекетіміздің басшысының қызметіне жоғары баға ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы И.Адырбековтің, Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясының төрағасы А.Перуашевтің, Қазақстанның Халық қаһарманы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты М.Алтынбаевтың, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Ахмадиевтің, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Мұқашевтің, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы И.Финогеновтің құттықтауларында берілді.

Солтүстік Қазақстанның аграрлық саладағы қызметкерлерінің атынан Президентті Қазақстанның Еңбек Ері  Г.И.Зенченко туған күнімен құттықтады.

Қазақстандағы Орыс Православие  Шіркеуінің митрополиттік округының басшысы, астаналық және қазақстандық Митрополит Александр Нұрсұлтан Назарбаевқа «ұзақ және жаздай жарқын ғұмыр» тіледі. Сондай-ақ Президентке Орал епархиясы дінбасылығы және діндарлары атынан  Орал мен Гурьев Архиепископы Антоний құттықтау жолдады.

Төл мәдениетіміз бен тілімізді дамыту жолындағы зор қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы атынан Ө.Айтбайұлы, «Төле би» қоғамдық қоры атынан О.Ж.Масатбаев, Е.Ш.Тайлақов, халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Н.Ағыбаев алғыс білдірді. Солтүстік Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінен келген жеделхатта Президенттің республикадағы этносаралық және конфессияаралық татулық пен келісімді нығайту жөніндегі саясатын мақұлдап, ықыластана қолдайтыны туралы айтылған.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Б.Сұлтановтың,  Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының директоры А.В.Сидоровичтің, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Ә.Ахметовтің, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі А.Ғазалиевтің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ректорының міндетін атқарушы В.В.Егоровтың, Шымкент университетінің профессоры Н.Б.Өткелбаевтың, 1-санатты инженер-ұшқыш Нұрлан Ақмұқановтың құттықтауларында ғылым мен инновацияны дамытудағы президенттік бағытты қолдайтыны айтылып, алғыс білдірілген.

Ел Президентіне мыңдаған соғыс және еңбек ардагерлері атынан өз құттықтауын Алматы ленинградтық-блокадашылар ұйымы жолдады. Оларға Доссор кентінен тыл еңбеккері, «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері А.К.Нұрқасымова, Орал қаласының тұрғыны С.Иманғалиева да қосылады. Дж.Верди атындағы әлемдегі ең даңқты консерваторияда музыкалық білімін аяқтауға өзіне мүмкіндік бергені үшін қазақстандық дарынды қыз Мария Мудряк Ұлт көшбасшысына алғыс білдіреді және құттықтайды.

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа зор денсаулық, ұзақ өмір, таусылмас қуат және жаңа табыстар тілеген шынайы құттықтаулар еліміздің барлық аймақтарындағы, барлық түкпірлеріндегі қарапайым қазақстандықтардан келіп түсті.

Әсіресе Астанадан – А.Сивкодан, Е.М.Бейсеновадан, Л.Загородневадан, Рогалевтер отбасынан және басқалардан, Алматыдан – М.Сағдиевтен, Е.Жүнісбековтен, А.Қалиевадан, Н.Оразымбетовтен, И.В.Мирсалиевадан, М.Шефузовтан, А.А.Гүлденнен және Б.Рамазановадан, т.б. көптеген құттықтаулар келді. Алматы облысының тұрғындары Е.Үсенов пен Н.Ермекбайұлы, Ақтөбе облысының тұрғыны Н.Клименко, қарағандылық С.Әубәкіров, теміртаулық В.С.Хомякова, көкшетаулық М.Н.Жанұзақов, қостанайлық М.В.Нещеретный, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары О.О.Кодашев және И.Купавцев, павлодарлықтар Касимов, М.Булочникова және Л.Н.Танькова, екібастұздық С.П.Куржей, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Б.С.Ахметова, Р.Гатамов, Т.Омаров, Д.Магазов, И.Турушева,  А.Әбілмәжінова, К.Құдабаева, С.А.Измайлов, семейлік Е.Тайлақов, Е.Болатұлы және Е.Оразалин, талдықорғандықтар М.К. Шөкежанов, М.Күлкібаев, Е.А.Кемелов, К.Е.Абдрахман, Софин, Майлыбаевтар, Жүнісовтер, Рахметовтер және Толамысовтар отбасы, тараздықтар Д.Жарылқасынов, С.К.Бейісов, Д.Өмірбайұлы және С.Сивко, текелілік Сұлтанғалиевтер отбасы, үштөбелік С.И.Югай және О.Кәрбозұлы, сарандық Чернобай, оралдықтар С.Иманғалиев, Т.Құбашев, А.Касмаль, шымкенттіктер Ж.И.Досжанов, А.Б.Оспанов, К.Ө.Әлмахан, Д.Адырбекұлы, Д.Ж.Қаштай, Б.Құлмұхамедов, К.Бөгенбай және А.Лесбаев, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары С.Әкімханұлы, Р.Ташев, П.Тұрманов пен Ж.Маханова және басқа көптеген адамдар жолдаған құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсті.

Көптеген корреспонденциялармен таныса отырып, Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзін құттықтаған барлық мемлекет басшыларына, халықаралық және отандық ұйымдардың, қоғамдардың, қорлар мен компаниялардың өкілдеріне, еңбек ұжымдарына, қазақстандықтар мен шетелдік азаматтарға ықыласты және шынайы тілектері  үшін зор алғыс білдіреді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар