Жаңалықтар

27 шілде 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Лондон Сити Лорд-мэрі Дэвид Вуттонмен, сонымен қатар, Ұлыбританияның бизнес өкілдерімен кездесті.

Мэншн Хаусқа келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

 

Мэншн Хаусқа келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Кездесу барысында Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиялық ойындарды өткізудің мәселелері талқыланды.

– Бұл күндері Лондон тарихта үшінші рет Олимпиялық ойындарды қабылдап отыр. Мен бұдан Лондонның және оның тірегі саналатын Сити ауданы табысының нышанын көремін. Мұнда әрдайым жарыс рухы қалықтап тұрады, сондай-ақ олимпиялық «Алға, самға, талма» ұранының шынайы мәнін ұғуға болады, – деді  Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың мәселелерін қарастырды. Дипломатиялық байланыстар орнаған күннен бергі 20 жыл ішінде ынтымақтастықтың берік іргетасы қаланып, орнықты шарттық-құқықтық негіз қалыптасты. Британ бизнесінің қазақстандық нарыққа келуіне жағдай жасалды.

Екіжақты ынтымақтастықтың дамуы жайына тоқталған Мемлекет басшысы елдеріміз арасындағы одан арғы өзара тығыз ықпалдастық пен әріптестікке деген өз сенімін білдірді.  

– Бүгінде Қазақстанда 500-ден астам бірлескен кәсіпорын табысты 20 жиырма миллиард доллар сала отырып, Қазақстан үшін ең басты үш инвестордың қатарына батыл енді. Осында кәсіпкерлікті Қазақстанда табысты жүзеге асырып келе жатқан компаниялардың басшылары мен өкілдері отыр. Британ бизнесі әрдайым еліміздің дамуында біздің сенімді серіктесіміз ретінде бой көрсетіп келеді. Біз өзара ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және алда біздерді қызықты да маңызды  көптеген бірлескен жобалар күтіп тұрғанына сенімдімін, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге, кездесуге британдық Shell UK, HSBC, PWC, BG group және өзге де ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

Кездесу соңынан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Лондон Сити Лорд-мэрі Дэвид Вуттонның атынан түскі ас берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар