Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

22 қазан 2012
Бүгін ресми сапар аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Австрия Республикасының Федералды президенті Хайнц Фишермен кездесті

«Хофбург» сарайындағы мемлекет басшылары арасындағы ресми кездесу шарасынан кейін шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізілді.

«Хофбург» сарайындағы мемлекет басшылары арасындағы ресми кездесу шарасынан кейін шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізілді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің маңызды мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хайнц Фишерді келе жатқан Австрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады және Австрия халқына бақыт, өсіп-өркендеу және есендік тіледі.

- Менің Венаға сапарым Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасының арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 20 жыл толған жылы өтуде. Бүгінде біздің елдер арасындағы екіжақты қатынастардың дамуында оң серпін бар. Қазақстанда австриялық капиталдың қатысуымен бірқатар кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Австрия Қазақстанның сауда саласындағы ірі әріптестерінің ондығына кіреді. 2011 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 50 процентке артты және 4 миллиардтан астам долларға жетті.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар