National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Монако Князі Альбер II-мен кездесті

2013 жылғы 27 қыркүйек

 

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекет басшылары келіссөздер жүргізіп, оның барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Альбер II серіктестіктің барлық спектрін дамыту жөніндегі келісімдерді іске асыру үдерісін, екі мемлекет басшысының Бірлескен декларациясында көрініс тапқан басты бағыттарды талқылады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан Монаконы Оңтүстік Еуропадағы перспективалық серіктесі ретінде қарастырады және экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимыл аясын кеңейту үшін барлық алғышарттар бар.

Монако Князінің екіжақты ынтымақтастықтың негізін қалаған, өткен жылы қарашада Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарынан кейін екі ел арасындағы іскерлік байланыстар жандана түскені атап өтілді.

Дегенмен, сауда-экономикалық байланыстар деңгейі әлі де екі мемлекеттің әлеуетіне сай емес. Оны дамыту жолының бірі Қазақстан-Монако Іскерлік кеңесін құру болып табылады.

Монако компанияларын Қазақстан инновациялық жобаларға, әсіресе, энергиялық жағынан тиімді құрылыс, жаңартылатын энергетика, туризм индустриясы, сервистік индустрия, фармацевтика және электроника салаларын қамтиын, мемлекет тарапынан бәсекелестік артықшылықтарға ие салаларға тартуға мүдделі.

Қазақстан Кеден одағына мүше бола отырып, өз кезегінде Монако бизнесі үшін ауқымды нарықтық перспективалар ұсынады.

Монака инфляцияның, сондай-ақ жұмыссыздықтың іс жүзінде нөлдік деңгейі сақталуы жағдайында жалпы ішкі өнімнің өсуінің орнықты қарқынын көрсете отырып, тиімді экономика құрудың және қолайлы әлеуметтік орта қалыптастырудың үлгісі болып саналады. Шектеулі көлемдегі ресурстар жағдайында қуатты экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қолайлы іскерлік ахуал қалыптастырудағы Монаконың тәжірибесі зор қызығушылық тудырады. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім тәрізді индикатор жөнінен Монако көшбасшылық орынның біріне ие (2012 жылы 163 мың доллар).

Бұл мемлекет үшін қоршаған ортаны қорғау – ерекше басымдық. Осы саладағы өзара іс-қимыл Қазақстан Президенті мен Монако Князі тарапынан «жасыл экономика» саласындағы «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасымен, сондай-ақ Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне даярлық және оны өткізу мәселелерімен қоса талқыланды.          

Екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығы Қазақстан әзірлеп жатқан жобалар мен аталған саладағы Монаконың бірегей тәжірибесін ескергенде, зор қызығушылық туғызады. 

Бұған қоса, келіссөздер барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін қарастырды. Оған «Монако Ханымы Грейс Келлидің дәуірі» көрмесінің Астанада ашылуы серпін берді. «Астана опера» опера және балет театры мен «Опера Монте-Карло» арасындағы ынтымақтастық оны бұдан әрі нығайту бағыттарының бірі болып табылады.

Сонымен қатар, Монако тұрғындары келесі жылы Қазақстанның Франциядағы мәдениеті маусымы аясында қазақ мәдениетімен танысу мүмкіндігіне ие болмақ.

Кездесу кезінде халықаралық ұйымдар, ең алдымен БҰҰ аясында өзара іс-қимылды дамыту мәселесі де қаралды. Екі мемлекеттің негізгі халықаралық проблемаларға көзқарасы ұқсас екендігі атап өтілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік наградалар алмасылды. Альбер II Қазақстан Президентіне Әулие Карл орденін тапсырды. Өз кезегінде Монако Князі I дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. 

Кездесу қорытындысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Монако Княздігі Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.     

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің