National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Энергетика министрі Рик Перримен кездесті

2018 жылғы 17 қаңтар

Мемлекет басшысы кездесуде АҚШ Президенті Дональд Трамппен жүргізілген келіссөздер барысында қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ-тың мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығына оң баға беріп, Теңіз және Қашаған кен орындарында жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы өнімді қайта өңдеу саласында инвесторлардың күш-қуатын арттыру қажеттігіне назар аударды.

Қазақстан Президенті еліміздегі «жасыл» энергетиканы дамытуға арналған жобалардың жүзеге асырылуы туралы әңгімелеп, Р.Перриді Төмен байытылған уран банкінің ашылуы жөнінде хабардар етті.

АҚШ-тың Энергетика министрі кездесуге ризашылығын білдіріп, инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетін негізгі факторларды атады.

Кездесу соңында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің