National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

2012 жылғы 19 желтоқсан

Отырыс барысында Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді одан әрі кеңейтудің және тереңдетудің өзекті мәселелерін талқылады.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев интеграцияны дәйекті түрде дамыту қажеттігін атап өтті.

- Қазақстан ЕурАзЭҚ, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістерді тереңдетуді және кеңейтуді жақтап келді және тұрақты жақтаушысы болып қала береді, - деді Мемлекет басшысы.

Отырыста мемлекет басшылары Кеден одағы аясындағы сыртқы сауда саясатын іске асыру жөніндегі үш жылдық жұмыстың қорытындысын шығарды.

Қазақстан Президенті КО мен БЭК-тің бірыңғай тұрақты қолданыстағы реттеуші орган ретінде Еуразиялық экономикалық комиссияның бір жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанына тоқталды.

Бүгінде елдер Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру сатысында тұр. Біздің елдеріміздің арасындағы тауарлар мен қызметтер, капитал мен еңбек ресурстарын кедергісіз алға жылжыту үшін жағдай жасауға бағытталған 17 базалық келісім қабылданды.

Нұрсұлтан Назарбаев БЭК-тің анағұрлым толыққанды қызмет атқаруы үшін үш елдің заңнамасын сәйкестендіру, қосымша 52 құжатты әзірлеп, қабылдау қажеттігін атап көрсетті.

- Жұмыстың нәтижесі құрылуы теңқұқылы, еріктілік және өзара тиімді қағаидаттарға негізделген Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы Шартты 2014 жылдың ортасында әзірлеу болуы қажет. ЕЭО жұмысын 2015 жылдың 1 қаңтарында бастауы тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысының қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.    


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің