Жаңалықтар

9 қаңтар 2015
Елбасы Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті
Берлин, Германия

Келіссөздер барысында екіжақты экономикалық қарым-қатынасты жандандыру мәселелері, сондай-ақ Украинаның шығысындағы ахуалды Украина, Ресей, Германия және Франция басшыларының таяуда Астанада өтуі ықтимал кездесуі аясында реттеу шаралары талқыланды.

Екі мемлекеттің көшбасшылары Минск уағдаластығын қатысушы тараптардың мүлтіксіз жүзеге асыруы қажеттігін, мұның тезірек бейбіт реттеуге және сенімді нығайтуға септігін тигізетінін атап айтты.

Тараптар екі ел арасында белсенді әрі сындарлы саяси диалог орнағанына тоқталды, сондай-ақ 2012 жылы ақпанда қол қойылған Қазақстан мен Германияның Шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы серіктестік туралы үкіметаралық келісімін нақты іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, инновациялық-инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейтудің бірқатар аспектілері және Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысы қарастырылды.

Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар