Жаңалықтар

10 мамыр 2015
Елбасы Иран Президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті

 

Х.Рухани Мемлекет басшысын президент сайлауындағы жеңісімен және қызметіне кірісуіне байланысты құттықтады.

Әңгімелесу барысында екі мемлекет көшбасшылары Қазақстан-Иран серіктестігінің басымдығы бар бағыттарын талқылады. Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы саяси диалог пен жемісті өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.

Бұдан бөлек, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту мәселелері жөнінде пікір алмасылды.   

Иран Президенті елдеріміздің арасындағы сан ғасырлық достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас алда да Қазақстан мен Иранның достас халықтарының мүддесіне игі қызмет ете беретініне сенім білдірді.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары