Жаңалықтар

25 наурыз 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті

Польша Президенті Анджей Дуда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімінің тарихи мәні бар екенін атап өтті.

Анджей Дуда Елбасының заманауи Қазақстанды қалыптастыру мен дамыту ісіндегі рөлін жоғары бағалап, достық пен сенімге негізделген Қазақстан-Польша ынтымақтастығын жемісті ілгерілетуге зор еңбек сіңіргені үшін алғыс айтты.

Польша Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына мықты денсаулық, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Анджей Дуда тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары