Жаңалықтар

3 қараша 2016
Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті биылғы 4 желтоқсанда өтетін Өзбекстан Республикасының Президенті сайлауына кандидатурасының ұсынылуымен құттықтады.

Тараптар елдеріміздің сауда-экономикалық қарым-қатынасы аясын кеңейтуге тың серпін берген үкіметаралық байланыстардың жандануына оң баға берді.

Әңгімелесу кезінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларына баса назар аударылды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары