Жаңалықтар

21 қараша 2014
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

 

Қазақстан мен Ресей Президенттері әңгіме барысында алдағы желтоқсанның 23-інде Мәскеуде өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібін, соның ішінде Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу мәселесін талқылады.  

Екі ел көшбасшыларының әңгімесіне екіжақты ынтымақтастықты РФ мен ЕО арасындағы өзара санкцияларды ескере отырып дамыту жайы да арқау болды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшылары қыс мезгілінің келуіне байланысты Украинадағы дағдарыстық ахуалға қатысты пікір алмасты. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары