National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті

2015 жылғы 04 шілде

 

Телефон арқылы сөйлесуге БҰҰ Бас хатшысының кеңсесі бастамашылық етті

Тараптар Қазақстан мен Ұйым арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен болашағын талқылады.

Мемлекет басшысы Ұйымның бейбітшілік пен қауіпсіздікті, орнықты дамуды және халықаралық қоғамдастық мүшелері арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі жетекші рөлін атап айтты, сондай-ақ еліміздің БҰҰ міндеттері мен мақсаттарына адал екеніне сендірді.

Пан Ги Мун Қазақстанның халықаралық саясаттың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру және шешуге қосып отырған үлесін жоғары бағалады. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің