National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Еуропалық комиссияның Төрағасы Ж.М.Баррозумен телефон арқылы сөйлесті

2014 жылғы 19 тамыз

 

Әңгіме барысында Қазақстан мен Еуропа қарым-қатынасының қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды.

Сонымен қатар Украинадағы ахуалдың өрбуіне арнайы назар аударылды.

Еурокомиссия Төрағасы Ж.М.Баррозу биылғы 26 тамызда Минскіде Кеден одағы елдері, Украина және Еуропалық одақ кездесуін өткізу туралы Қазақстанның ұсынысын қолдады. Қажет болған жағдайда сондай кездесуді Астанада өткізу туралы уағдаластық жасалды.

Сондай-ақ Н.Ә.Назарбаев пен Ж.М.Баррозу кезекті форумы биыл қазан айында Миланда өтетін «Азия-Еуропа» (АСЕМ) үдерісіне Қазақстанның қатысуының перспективасын талқылады.

Телефон арқылы сөйлесу еуропалық тараптың бастамасымен жүзеге асты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің