Жаңалықтар

17 желтоқсан 2017
Қазақстан Президенті еліміздің даңқты спортшысы Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев танымал футболшы әрі спорт қайраткері Тимур Сегізбаевтың отбасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

Жеделхатта Қазақстан футболын дамытуға және балалар мен жастар арасында спорттық өмір салтын насихаттау ісіне Т.Сегізбаевтың сіңірген еңбегі айрықша атап өтілген.

«Ол жаттықтырушы әрі Қазақстан футбол қауымдастығы басшыларының бірі ретінде елімізде спорттың осы түрінің дамуына елеулі үлес қосты», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Т.Сегізбаевтың есімі халық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар