Жаңалықтар

9 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы Мексика Құрама Штаттарының Президенті Энрике Пенья Ньетоға көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Мексикадағы ірі жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ барша Мексика халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, елді-мекендер инфрақұрылымының қайта қалпына келуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар