Жаңалықтар

26 тамыз 2017
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге биылғы 25 тамызда Краснодар өлкесіндегі жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустағы көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар