Жаңалықтар

26 қазан 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Өлі теңіз аймағындағы табиғат апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айрылған отбасылардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар