Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 мамыр 2015
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің құттықтау жеделхаты

 

Дж.Керри Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Президенті лауазымындағы жаңа мерзімінің басталуына байланысты ең жақсы тілектерін білдірді.

«АҚШ Қазақстанның Үкіметімен және халқымен қауіпсіздік, бақуаттылық, адам құқығы саласында, сондай-ақ Қазақстанда және өңірде демократиялық, тәуелсіз институттарды, азаматтық қоғамды дамытудағы ортақ мақсаттар бойынша бірге жұмыс істеуден үміттенеді. Біз халықтарымыздың арасындағы байланыстарды кеңейтуге бейілдіміз. АҚШ Қазақстанмен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті сақтаудағы стратегиялық серіктес ретінде, сондай-ақ Қазақстан көшбасшы болып табылатын ядролық таратпау саласында бірге жұмыс істеуге дайын. Біз бұдан әрі де Қазақстанның ел экономикасын әртараптандыру, өңірлік экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұмтылысына ықпал етуге дайынбыз», – делінген  жеделхатта. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар