Жаңалықтар

19 желтоқсан 2013
Ангела Меркельдің Германия Федералдық канцлері лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау

 

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Германия арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты өзара қарым-қатынастардың жаңа бастамалар арқасында одан әрі белсенді дами беретініне сенімін білдірген.

«Елдеріміз арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы жемісті және өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлеріне зор денсаулық, ал герман халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар