Жаңалықтар

4 мамыр 2015
Армения Республикасының Президенті Серж Саргсянның құттықтау жеделхаты

 

С.Саргсян Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Дауыс берудің даусыз қорытындылары Қазақстан азаматтарының бұдан әрі де Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асып жатқан, елді әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамытуға, оның халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған ауқымды жаңғырулар жолымен жүруге деген бекем ниетін айғақтайды. Армян-қазақ ынтымақтастығы аясын ұлғайта түсу мәселесіндегі бірлескен күш-жігеріміз, біздің жеке қарым-қатынасымыз алдағы уақытта да Армения мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайту мүддесіне қызмет етеді деп есептеймін», – делінген жеделхатта.

Соңында Армения Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық пен бақуаттылық, бастамаларына табыс, ал Қазақстан халқына татулық және бақ-береке  тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар