Жаңалықтар

31 шілде 2015
Елбасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Бейжің қаласының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы болып таңдалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

 

Мемлекет басшысы  Си Цзиньпинді Бейжіңнің 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына ие болуына байланысты шын жүректен құттықтады.

«Бұл оқиға жаңа Қытайдың зор мүмкіндіктерін әлемге тағы да паш етті. Қытай тарапының Олимпиадалық ойындарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып, халықтар достығы мен бейбітшілікті дәріптейтін олимпиадалық дәстүрді одан әрі нығайтуға үлес қосатынына кәміл сенемін», – деп атап өтілген құттықтауда.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ҚХР Төрағасына қысқы Олимпиада ойындарын табысты өткізуге, ал достас Қытай халқының бақ-берекесі артып, гүлдене беруіне тілектестік білдірді.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар