Жаңалықтар

6 мамыр 2015
Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Томас Бахтың Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхаты

 

Т.Бах олимпиадалық қозғалыстың белді мүшесі болып саналатын Қазақстанмен серіктестіктің нығайып келе жатқанына сенімді екенін жеткізген.

«Сіз спорттың жұртты біріктірудегі маңызын жақсы түсінесіз. Мұның жақсы мысалы – Алматы қаласының 2020 жылғы Қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге мықты тұжырымдамалар негіз етілген өтінім беруі. Бұл өтінім жақсы спорт инфрақұрылымына және Сіздің елдің қысқы спорт түрлеріне қатысты тәжірибесіне сүйенген», – делінген хатта.

 Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Мемлекет басшысының Қазақстанды орнықты дамытудағы қызметіне табыс тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар