Жаңалықтар

5 мамыр 2015
Иран Ислам Республикасы Президентінің құттықтау жеделхаты

 

Х.Рухани Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Халық жасаған таңдау біздің екіжақты ынтымақтастығымыз аясында жоспарланған бағдарламаларды жүзеге асыруда жемісті жұмыс істеуімізге жақсы мүмкіндік береді», – делінген жеделхатта.

Иран Президенті Елбасыға мықты денсаулық пен зор табыс, ал достас Қазақстан халқына  бақ-береке тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар