Жаңалықтар

4 мамыр 2015
Марокко Королі VI Мұхаммедтің құттықтау жеделхаты

 

VI Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, оның елді әрі қарай дамыту пен өркендетуге бағытталған барлық бастамаларына табыс тіледі.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, елдерімізді берік байланыстыратын ислами арқаулар мен тиімді ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ түрлі салалардағы қатынастарға серпін беру мақсатында бауырлас елдеріміздің және барша мұсылман қоғамдастығының мүддесі үшін Сізбен бірге бар күш-жігерімді жұмсауға дайын екенімді білдіргім келеді», – делінген жеделхатта. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар