Жаңалықтар

20 мамыр 2017
Нұрсұлтан Назарбаев Хасан Руханиге Иран Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Х.Руханиді Иран Ислам Республикасы Президентінің сайлауында айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

«Сайлауға азаматтардың белсене қатысып, Сізді жан-жақты қолдауы – саяси және экономикалық бағдарламаларыңызға халықтың сенімі артқанының дәлелі.

Сіздің басшылығыңызбен Иран өзінің даму жолында жаңа табыстарға қол жеткізетін болады.

Қазақстан мен Иран арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық елдеріміздің игілігі үшін жалғаса береді деп сенемін.

Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Иран халқына бейбіт өмір және бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар