Жаңалықтар

5 мамыр 2015
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті болып сайлануына байланысты Оман сұлтаны Кабус бен Саидтың құттықтау жеделхаты

 

Кабус бен Саид Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Сіздің осы лауазымдағы қызметіңіздің жалғасуы кезінде біз халықтарымыздың ортақ игілігі үшін ынтымақтастығымыздың аясын кеңейтуге деген шынайы ықыласымызды жеткізгіміз келеді», – делінген жеделхатта.

Оман сұлтаны достас Қазақстан халқының бұдан әрі ілгерілеуі мен өсіп-өркендеуіне бағытталған Мемлекет басшысының бастамаларына табыс тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар