Жаңалықтар

5 мамыр 2015
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына сайлануына байланысты Швейцария Конфедерациясының Президенті Симонетта Соммаруганың жолдаған құттықтау жеделхаты

 

С.Соммаруга Швейцария Федералдық кеңесі атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Қазақстанда реформаларды жүзеге асыру және демократияны нығайту бағытындағы Сіздің күш-жігеріңіздің барынша табысты болуын тілеймін. Елдің әл-ауқатын артыру жөніндегі саясатыңыз сәтті болады деп үміттенемін. Біз бұдан әрі де ортақ мүдде жолында елдеріміз арасындағы игі қарым-қатынасты дамыта алатынымызға сенімдімін. Швейцарияның Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы серіктестігіміздің аясын кеңейте түсуге тамаша мүмкіндік тудырады», – делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар