Жаңалықтар

1 мамыр 2015
Палестина Мемлекетінің Президенті Махмуд Аббастың құттықтау жеделхаты

 

Махмуд Аббас Палестина Үкіметі мен халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтады.

«Біз Қазақстан Республикасымен барлық саладағы ынтымақтастығымыз бен туысқандық ниеттестігімізіді нығайту және дамыту, екі ел халқының мүддесі үшін қарым-қатынастарымызды одан әрі жаңғыртуды жалғастыра беру жолын ұстанатынымызды тағы да айтамыз», – делінген жеделхатта.

Соңында Палестина Президенті Мемлекет басшысына мықты денсаулық пен бақыт тілеп, Қазақстан халқының ілгерілеуі мен өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар