Жаңалықтар

6 мамыр 2015
Польша Республикасының Президенті Бронислав Коморовскийдің құттықтау жеделхаты

 

Б.Коморовский Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Қазақстан Польшаның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі болып саналады. Біз Сіздің елдің табыстарына қуанамыз және мемлекеттеріміздің арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың өрістеуінен үміттіміз», – делінген жеделхатта.

Польша Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елдегі ең жоғарғы лауазымға сайлануы екіжақты қарым-қатынастарды достық, серіктестік, өзара мүдделер мен дәстүрлерді құрметтеу рухында одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірген.

Соңында Б.Коморовский Қазақстан Президентіне табыс тіледі.   


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар