Жаңалықтар

1 мамыр 2015
Үндістан Республикасының Президенті Пранаб Мукерджидің құттықтау жеделхаты

 

П.Мукерджи Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Сіздің сайлаудағы жеңісіңіз – Қазақстан халқының Өзіңізге деген зор сенімінің айғағы. Қазақстанды мықты әрі өркендеуші мемлекетке айналдыруға бағытталған қажырлы еңбегіңіз өз жемісін беретініне сенімдімін», – делінген хатта.

Үндістан Президенті ортақ мүдделілік бар бірнеше салада өзара тиімді қарым-қатынастардың орныққанына қанағаттанатынын жеткізді. Ол сондай-ақ Үндістанның екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыратынына сендірді.

Соңында П.Мукерджи Қазақстан Президентіне мықты денсаулық және табыс тілеп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне ниеттестік білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар