Жаңалықтар

2 шілде 2010
Қазақстан Магниткасының 50 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін еңбек ардагерлері мен Қарағанды облысы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің бір тобы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк-гуманитарлық дамуындағы аса үздiк жетістіктерi үшiн еңбек ардагері, белгілі болат балқытушы Арғын Жүнісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

 «Отан» орденіне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ аға өндіріс шебері В.И.Деркач ие болды.

ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Ресей Федерациясы қаржы-өнеркәсіп топтары қауымдастығының президенті, Қарағанды металлургия комбинатының бұрынғы бас директоры О.Н.Сосковец пен «АрселорМиттал Теміртау»  АҚ суық металдарды кесушісі В.П.Ткаченко, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цех бастығы Ж.Арысов марапатталды.

Еңбек  ардагерлері М.А. Ақбиев пен Т.А.Ахановтың, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ домна цехының  бригадирі С.Әшімовтің еңбегі «Парасат» орденімен атап өтілді.

І дәрежелі «Достық» орденімен еңбек ардагері А.Г.Коркин,  ІІ дәрежелі «Достық» орденімен - еңбек ардагері Н.Г.Давыдов және «Arcelor Mittal» металлургия компаниясының иесі Лакшми  Миттал марапатталды.

Еңбек  ардагерлері Т.Д.Адам-Юсупов, В.А.Бардашов, Н.Н.Назаров, В.А.Никонов, В.М.Стринжа,  Е.И.Төлеубаев, Теміртау қалалық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрайымы Н.Т.Вахитова, Теміртау қаласының әкімі Н.Е.Сұлтанов, сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының қызметкерлері:  цех бастықтары А.А.Бегенеев пен Е.Т.Смағұлов, слесарь В.О.Кобер, болат балқыту өндірісінің директоры В.Е.Лаукарт, суық металдарды  аға кесушісі В.А.Цой «Құрмет» орденінің иегерлері атанды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен еңбек ардагері Д.К.Ахметова, цех бастығы А.В.Ильяшенко, цех бригадирі  Т.Кенжалиев, зертхана жетекші инженері А.А.Колодяжный, слесарь-жөндеуші В.Н. Мальцев наградталды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына «АрселорМиттал Теміртау»  АҚ цех машинисі В.Н.Гладких,  цех бригадирі Т.Г.Мұхатов, цех аппаратшысы Е.М.Петровский ие болды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар