Жаңалықтар

14 ақпан 2007
Қазақстан Президенті Ашғабадта ел Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Түрікменстанға келген шетелдік делегациялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Виктор Ющенкомен және Грузия Президенті Михаил Саакашвилимен кездесті. Екіжақты кездесулер барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланып, ТМД кеңістігіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.


Қазақстан басшысы мен Түркия премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоганның кездесуі кезінде экономикалық проблемалар негізгі әңгіме арқауы болды. Атап айтқанда, Каспий өңірінен көмірсутегін тасымалдау мәселелері қозғалды.


Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ричард Баучермен кездесті, оның барысында екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ өңірдегі ахуал мәселелері талқыланды.


Атап айтқанда, Түрікменстандағы ахуалға қатысты тараптар бұл елдің одан әрі ашықтық және өңірлік ынтымақтастық жолымен дамуының маңызын атап өтті.


Сондай-ақ Қазақстан Президентінің өткен жылдың күзінде АҚШ-қа жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі жүзеге асыру мақсатында жуырда Қазақстанға бірқатар американдық делегациялардың келетіні аталып өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар