Жаңалықтар

4 шілде 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Polymetal» компаниясының президенті Игорь Финогеновті қабылдады

Мемлекет басшысына «Polymetal» кәсіпорнының Қазақстан мен Ресей нарығында жүзеге асырылып жатқан ірі жобалары туралы мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті «Polymetal» кәсіпорнының «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына енуімен құттықтап, компанияның біздің елдегі жұмысына тоқталды.

– «Polymetal» «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналасқан алғашқы шетелдік компания атануымен құттықтаймын және ризашылығымды білдіремін. Сіздер Шығыс Қазақстан облысындағы Бақыршық кен орнында «Қызыл» жобасын табысты аяқтадыңыздар. Қостанай облысындағы алтын кен орнында да жобалар жүзеге асыр ып жатырсыздар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Игорь Финогенов «Астана» ХҚО шетелдік компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеуіне үлкен инвестициялық мүмкіндіктер жасап отырғанын атап өтті.  

– «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына енуімізді үлкен жетістік деп санаймыз. Өйткені, бұл Қазақстанда қаржылық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған алғашқы қадамымыз. Біз  геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция салуға мүдделіміз, ал биржа бұл үшін жақсы мүмкіндік, – деді Игорь Финогенов.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың алдағы уақытта да арта беретініне сенім білдірді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар