Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

20 шілде 2010
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі, көрнекті заңгер-ғалым Ғайрат Сапарғалиевтың өмірден озуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы академиктің еліміздің заң ғылымын дамытуға және тәуелсіз Қазақстанның заңнамасының қалыптасуы мен нығаюына үлкен үлес қосқанын атап өтті. «Ғайрат Сапарғалиұлының сан-салалы еңбегі мен қызметі ешқашан ұмытылмауы тиіс», - делінген көңіл айту жеделхатында. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар